
География, 7 класс
Готов
Вопрос от 3588 дней назад
Атмосфера дегенимиз не?
Ответ от
Атмосфера (грекше: atmos — бу және sphaira шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 10 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерініц жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді. Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады. Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып; тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.